Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті
Абай ауданында «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті

Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шара аясында 35 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

 Атап айтқанда, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға, жалғызбасты аналарға, науқас азаматтарға және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетілді.

Қайырымдылық акциясының басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж жандарға жәрдем беру, мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Шараға мешіт жамағаты мен еріктілер белсенді қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.

Көмек алған тұрғындар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, мұндай қайырымдылық шараларының жалғасуына тілектестіктерін жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz