Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызының жетекшілігімен «Ханифа» қыздар даму клубының мүшелері ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында атқа мініп серуендеуге шықты.
Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шара барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен атқа міну мәдениетінің маңыздылығы жайында кеңінен танысты. Сонымен қатар, қыз-келіншектерге ұлттық тәрбие, инабаттылық және салауатты өмір салтының маңызы түсіндірілді.
Табиғат аясында өткен серуен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани әрі мәдени тұрғыдан серпіліс берді. Мұндай шаралар жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға және бірлікті нығайтуға өз үлесін қосады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы