Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен шәууәл айының оразасын тұтқан жамағатқа арналған ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани кешке мешіт жамағаты, ақсақалдар мен жастар қатысты. Шара барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, дін мен имандылық, сабыр мен шүкірдің маңызы туралы уағыз-насихат айтылды. Имам Рауан Төлеубекұлы шәууәл оразасының сауабы мен оның мұсылман өміріндегі орны жайлы түсіндіріп, жамағатты бірлікке, ізгі амалдарға және жақсы әдеттерді жалғастыруға шақырды.
Жиналғандар ауызашар дастарханында бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, рухани атмосферада бас қосты. Мұндай игі шаралар жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, діни танымды күшейтуге өз үлесін қосатыны айтылды.
Кеш соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай рухани жиындардың алдағы уақытта да жалғасуын тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы