КММ орталығының бастамасымен «Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен әйел - қыздар жамағатына арналған рухани кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы арнайы қатысып, әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтты.
Қатысушылар бір дастархан басында бас қосып қана қоймай, рухани құндылықтарды тереңірек талқылап, сабыр, мейірім және өзара көмек көрсетудің маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.
Кеш аясында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолын танып-білуге бағытталған сира тақырыбында танымдық ойын өткізілді. Бұл қатысушылардың діни білімін арттырып, рухани дүниесін байыта түсті.
Сондай-ақ, қыз-келіншектерге рухани әрі танымдық мәні зор «Мақал-мәтелдер» кітабы сыйға тартылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы