Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйытқы болуымен мешіт ауласына сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында мешіт ауласы мұқият тазаланып, жиналған күл-қоқыстар толық шығарылды. Қатысушылар айналаны ретке келтіріп қана қоймай, тазалықтың – иманның бір бөлігі екенін іс жүзінде көрсетіп, өзгелерге үлгі боларлық өнеге танытты.
Сенбілікке барлық дін қызметкерлері мен шәкірттер белсенді қатысып, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің жоғары деңгейін байқатты. Әрбір қатысушының ықыласпен атқарған еңбегі мешіт ауласының ажарын аша түсті.
Бұл игі шара – тек тазалық жұмысы ғана емес, жамағат арасындағы бірлікті нығайтып, ортақ жауапкершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеген маңызды қадам болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы