Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінде қасиетті Ораза айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, балаларға айттық үлестірілді.
Шара мешіт имамы Жомабай Фазылахмад Асламденұлының ұйымдастыруымен өтті.
Мерекелік жиын барысында жамағатқа уағыз-насихат айтылып, Ораза айттың мән-маңызы кеңінен түсіндірілді. Айт намазына жиналған көпшілік бірлік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар, мешітке келген жасөспірімдерге айттық үлестіріліп, олардың көңіліне қуаныш сыйланды. Игі шара ауыл тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы