Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде қасиетті Ораза айт намазы оқылып, жамағатқа наурыз көже таратылды.
Ұлық мейрам күні мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, барша мұсылман қауымына ізгі тілегін жеткізді.
Айт мерекесінің мән-маңызын кеңінен түсіндіріп, бұл күнді берекелі де сауапты амалдармен өткізуге шақырды. Сонымен қатар жамағатқа арнайы айт құтпасы насихатталды.
Айт намазы аяқталған соң жиналған көпшілік ел мен жердің тыныштығын, халықтың амандығын тілеп, бір кісідей дұға жасады.
Мерекелік шара мешіт ауласында жалғасын тауып, жамағатқа наурыз көже ұсынылды. Балаларға айттық таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы