Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚАРИҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚАРИҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қасиетті Рамазан айы бойы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде тарауық намазын оқып, Құран хатым жасаған қари Сақи Мұхтарұлына құрмет көрсетілді. 

Ұлық айда әр түнде тарауық намазын жүргізіп, Құран Кәрімді әуезді мақаммен толық хатым еткен қариға ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы шексіз ризашылығын жеткізіп,  3 000 000 теңге қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ, қаридың иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, жамағат шынайы ризашылықтарын білдірді.
 
Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариға ақсақалдардың ақ батасы берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz