Саран қалалық мешітінде ұстаз Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған рухани ауызашар кеші өтті.
Шара барысында ұстаз тарапынан және мешіттің «Әжелер мектебі» мүшелерінен тағылымы мол насихат айтылып, жүректерге иман нұрын сыйлаған әсерлі уағыздар айтылды. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айында жамағатпен бірге оқылған Құран хатымның дұғасы жасалып, ел тыныштығы мен береке-бірлік тілінді.
Кеш аясында ақ жаулықты әжелерімізге ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар мен гүл шоқтары табысталды. Бұл – үлкенге құрмет, кішіге өнеге боларлық тағылымды басқосу болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы