Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті Ұлық мереке – Ораза айтқа дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қасиетті мейрам қарсаңында мешіт аумағында бірқатар игі істер атқарылуда.
Атап айтқанда, мешіт іші мерекелік нақышта безендіріліп, келушілерге қолайлы жағдай жасалды. Сонымен қатар, мешіт ауласы қалың қардан толықтай тазартылып, жамағаттың еркін келіп-кетуіне мүмкіндік қарастырылды.
Бұдан бөлек, мейрамға орай құрбандық малы сойылды.
Бұл игі бастама – Ораза айттың мәні мен маңызын айшықтайтын қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы