Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде соңғы тарауих намазы оқылды
Саран қалалық мешітінде соңғы тарауих намазы оқылды
Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында орналасқан қалалық мешітте қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай соңғы тарауих намазы оқылды. Бұл ерекше кешке жамағат көптеп жиналып, бір ай бойы жалғасқан рухани тәрбиенің қорытындысын жасады.

Тарауих намазы – Рамазан айында ғана оқылатын ерекше құлшылықтардың бірі. Ай бойы мешітке тұрақты түрде келіп жүрген тұрғындар соңғы кеште ерекше ықыласпен дұға жасап, ізгі тілектерін білдірді. Имамдар жамағатқа уағыз айтып, сабырлық, мейірімділік және бірлік туралы насихат жүргізді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz