Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде Қадір түні өтті
Саран қалалық мешітінде Қадір түні өтті


Саран қалалық мешітінде қасиетті Қадір түніне орай арнайы діни шара ұйымдастырылды. Кеш барысында жамағатпен бірге тарауық намазы оқылып, Құран Кәрім хатым етіліп, хатым дұғасы жасалды.

Сонымен қатар жамағатқа қасиетті түннің қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат айтылып, Алла Тағаладан ел амандығы мен жұрт тыныштығы тілеп дұғалар жасалды.

Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген барша жамағаттың ниет-тілектерін Алла Тағала қабыл етсін. 

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz