Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне келген орыс ұлтының өкілі Тимур Павелұлы Ислам дінін қабылдауға ниет білдіріп, қасиетті қадір кешінде мұсылман атанды.
Алланың Хақ дінін қабылдауға ниет етіп келген жанға «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұрбол Әділмұратұлы кәлима шәһадатты айтқызып, Ислам дінінің негіздері мен бес парызын түсіндіріп, насихат айтты.
Сонымен қатар, иман келтірген жанға ақ жол тілеп, дініміздің көркем құндылықтары жайында тағылымды әңгіме өрбітті.
Жамағат Тимурға ізгі тілектерін білдіріп, Алла Тағаладан иманын берік, өмірін берекелі етуін тілеп, дұға жасады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы