Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне келген орыс ұлтының өкілі Павелқызы Лера Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды.
Игі шара барысында мешіт наиб имамы Нұрбол Әділмұратұлы азаматшаға Ислам дінінің негіздері мен бес парызын түсіндіріп, насихат айтты. Сонымен қатар, иман келтірген жанға ақ жол тілеп, дініміздің көркем құндылықтары жайында тағылымды әңгіме өрбітті.
Жамағат Лераға ізгі тілектерін білдіріп, Алла Тағаладан иманын берік, өмірін берекелі етуін тілеп, дұға жасады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы