Center Image
IHSAN.KZ
Жат отбасыға «Отбасы құндылықтары» насихатталды
Жат отбасыға «Отбасы құндылықтары» насихатталды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында екі жастың некесі қиылып, оларға отбасы құндылықтары тақырыбында насихат айтылды.

Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жас жұбайлардың некесін қиып, жаңа құрылған отбасыға береке мен бірлік тіледі. Сонымен қатар, отбасының берік болуы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құрметі мен жауапкершілігі жайында тағылымды насихат жүргізді.

Іс-шара барысында жас жұбайларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Мүфтият” баспасынан жарық көрген «Отбасылық сұрақ-жауаптар» кітабы сыйға тартылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz