Қадір түні қарсаңында Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде ерекше рухани шара өтті. Мешіттің найб имамы Аманбол Рымқұлұлы мешітке келген сәбидің құлағына дәстүр бойынша азан айтып, ат қойды.
Шара барысында сәбидің атанасына бата беріліп, сәбиге азан айту рәсімінің маңызы түсіндірілді. Имам Аманбол Рымқұлұлы бұл дәстүрдің сәбидің өмір жолын ізгілікке бастаудағы рухани мәнін атап өтті.
Қатысушылар рәсімді үлкен қызығушылықпен тамашалап, сәби мен отбасының бақытты өмірі мен аман-есендігіне тілектестік білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы