Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде қасиетті Рамазан айында 100 Құран хатым жасалды
«Бала қажы» мешітінде қасиетті Рамазан айында 100 Құран хатым жасалды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қасиетті Рамазан айында «Дәуір» Құран алқасы шәкірттерімен бірлесіп 100 Құран хатым жасады. 


Мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында «Дәуір» Құран алқасы небары бір айға жетпей 100 Құран хатым жасап, шәкірттермен үлкен рухани жұмыс атқарылды.


 Мешіт имамы Нуров Махмуд қажы шәкірттердің еңбегін бағалап, сый-сыяпат табыс етті. 


Үздік танылған шәкіртке арнайы алғыс хат берілді.


Жиын соңында қатысушылар Алланың еселенген сауабына бөленуді тілеп, қасиетті Рамазан айындағы ізгі амалдардың маңызын тағы бір рет сезінді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz