Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінің имамы Жомабай Фазылахмад Асламденұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж 25 отбасыға «Рамазан сыйы» үлестірілді.
Шара барысында имам Жомабай Фазылахмад Асламденұлы қатысушыларға қайырымдылық жасау, мұқтаждарға қол ұшын беру және қоғамдағы ізгілік пен адамгершілік құндылықтарының маңызы туралы насихат айтып өтті.
Азық-түлік алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай игі іс-шаралардың қоғамдағы бірлікті арттыруға үлес қосатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы