Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қала мешіттерінің шәкірттері арасында Алланың көркем есімдерін (Әсмаул-Хусна) жатқа айту сайысы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің діни білімін арттыру, Алланың көркем есімдерінің мағынасы мен мәнін ұғындыру, сондай-ақ жас буынның рухани тәрбиесін нығайту болып табылады.
Сайыс барысында қатысушылар Алланың көркем есімдерін жатқа айтып, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша жарыс қорытындысы төмендегідей анықталды:
I орын – «Әл-Машани» мешітінің шәкірті (20 000 теңге)
II орын – «Ар-Рахман» мешітінің шәкірті (15 000 теңге)
III орын – «Әнет баба» мешітінің шәкірті (10 000 теңге) жүлде қорына ие болды.
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар арнайы марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Аталған шара шәкірттердің діни танымын кеңейтіп, олардың рухани ынтасын арттыруға бағытталған тағылымды іс-шара ретінде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы