Қасиетті Рамазан айының құрметіне Ерімбет ата мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржындары таратылды.
Шара барысында мешіт қызметкерлері қасиетті Рамазан айының адамды мейірімділікке, сабыр мен ізгілікке үндейтін ай екенін атап өтті. Сондай-ақ жамағатты қайырымдылық жасап, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға шақырды.
Акция аясында ондаған отбасыға қажетті азық-түлік үлестіріліп, мұқтаж жандарға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы