ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында кезекті 894-баспананың кілтін табыстады.
Игі іс-шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы және аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы арнайы қатысып, игі іс-шараға демеушілік еткен дін жанашырларына алғыстарын білдірді.
Айта кетсек, «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында берілген екі бөлмелі баспана Абай қаласының тұрғынына табысталды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж, жалғыз басты ана алты баланы тәрбиелеп отыр.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы