Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай мешіттің еріктілері мен жастарына ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Мешіт жастары бас қосқан жиында Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның маңызы мен сауаптары жайлы уағыз айтылып, жиналғандарға рухани насихат жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар бір-бірімен жылы лебіздерін бөлісіп, бірліктің және бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы