Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы бойы игі істерге ұйытқы болып, түрлі қайырымдылық шараларына белсене атсалысып жүрген мешіттің еріктілері мен жастарына арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Берекелі басқосу барысында имам Рауан Төлеубекұлы жиналған жастарға алғысын білдіріп, Рамазан айында атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары мен халыққа қызмет етудің маңыздылығы туралы насихат айтты. Сондай-ақ, жамағаттың бірлігі мен татулығы – қоғамның берекесі екенін атап өтті.
Кеш соңында жамағат болып дұға жасалып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы