Қарағанды облысы, Саран қаласында игі шара ұйымдастырылып, 230 студентке ауызашар берілді. Аталған қайырымдылық іс-шараны Саран қалалық мешіті ұйымдастырып, оған мешіт ұжымы мен жергілікті колледж ұстаздары бірлесіп атсалысты.
Рамазан айының берекесін сезіндіру, жастарды мейірімділік пен бірлікке тәрбиелеу мақсатында өткен ауызашарға колледждің 230 студенті қатысты. Шара барысында студенттерге арнайы дастарқан жайылып, қасиетті айдың мәні мен маңызы туралы насихат айтылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай басқосулар жастарды рухани құндылықтарға жақындатып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл шара студенттер арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы