Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «Тегін такси» қайырымдылық акциясы өтуде
«Нұр» мешітінде «Тегін такси» қайырымдылық акциясы өтуде
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып келеді.

Игі бастамаға мешіттің ерікті жамағаттары қолдау білдіріп, тарауих намазынан кейін қариялар мен үй-жайы мешіттен алыс орналасқан тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп беруде. Бұл акция әсіресе түнгі уақытта мешітке келіп, құлшылық жасағысы келетін үлкен кісілер мен жаяу қатынауы қиын жандарға үлкен жеңілдік болуда.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – Рамазан айында жамағатқа қолайлы жағдай жасап, сауапты іске үлес қосу. Осындай игі амалдар арқылы мешіт жамағаты бір-біріне жанашырлық танытып, қоғамда мейірім мен ынтымақтың артуына үлес қосуда.

Ұйымдастырушылар бұл сауапты істі Рамазан айының соңына дейін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz