ҚМДБ -ның Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы қасиетті рамазан айының қарсаңында «Әл Ғаффар» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.
«Қасиеті Құран- мұсылман жүрегінің көктемі» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Құран – Жаратушы мен жаратылыстың арасында рухани байланыс орнатып, адам баласын қараңғылықтан жарыққа бастайтын хақ кітап. Ол адамзатқа ақиқат пен жалғанның, адал мен арамның, игілік пен зұлымдықтың ара-жігін айқындап берген кемел нұсқаулық. Сондықтан Құран – мұсылман өмірінің темірқазығы, жүректерге тыныштық сыйлайтын рухани шипа. Мұсылман баласы үшін Құран – тек оқылатын кітап қана емес, ол – өмірдің мәнін ұқтыратын, жүрекке иман нұрын құятын, адамды көркем мінезге тәрбиелейтін ұлы тәрбие мектебі»,- деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы