Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен «Бір күнде бір мұқтажға көмек» қайырымдылық акциясы жалғасын тауып, қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген көше тазалықшыларына азық-түлік себеттері үлестірілді.
Акцияның басты мақсаты – адал еңбегімен нәпақа тауып жүрген азаматтарға қолдау білдіріп, Рамазан айындағы қайырымдылық пен жанашырлықты насихаттау.
Шара барысында мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері көше тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жұмысшыларға алғыс білдіріп, олардың еңбегіне құрмет көрсетті. Өз кезегінде көмек алған азаматтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетейік, «Бір күнде бір мұқтажға көмек» акциясы қасиетті Рамазан айында тұрақты түрде ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді мақсат етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы