Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті мейірім айы саналатын Рамазан айының құрметіне қаладағы қарттар үйіне барып, қариялар үшін ауызашар дастарханын жайды.
Жомарт дін жанашырларының демеушідік көмек көрсетуімен өткен шара барысында мешіттің «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Мирас Ерланұлы қарияларға жылы лебізін білдіріп, Рамазан айымен құттықтады.
Сонымен қатар, Құран оқылып, ел мен жердің тыныштығы үшін бата жасалды.
Мешіт ұжымы мұндай ізгі шараларды дәстүрлі түрде өткізіп, қоғамдағы егде жастағы азаматтарға қамқорлық көрсетуге ат салысуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы