Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай мешіт жамағаты ұлттық дәстүріміздің бір көрінісі саналатын жарапазан жырын айтып, Рамазан айының рухани мәнін насихаттады.
Шара барысында жамағат бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, қасиетті айдың қадір-қасиеті жайында әңгіме өрбіді.
Жарапазан айту – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр арқылы жұртшылық Рамазан айының келгенін қуанышпен қарсы алып, береке мен бірлікті дәріптеген.
Мешіт жамағаты осындай рухани әрі ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы