Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде жолда қалған жолаушыларға ауызашар берілді
«Нұр» мешітінде жолда қалған жолаушыларға ауызашар берілді
Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық пен мейірімділік ерекше көрініс табуда. Осы орайда Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен жолда қалған жолаушылар ауызашар дастарханына шақырылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған Шахтёр қызметіндегі азаматтар үшін мешіт есігі айқара ашылып, жолаушыларға арнайы ауызашар дастарханы жайылды. Қонақтарға жылы ас беріліп, жамағатпен бірге ауыз ашты. 

Шара барысында мешіт қызметкерлері жолаушыларға Рамазан айының қадір-қасиеті туралы насихат айтып, жолаушыларға аман-есен сапар тіледі. Өз кезегінде жолаушылар да мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, игі іске ризашылықтарын жеткізді.

Мұндай игі шаралар қасиетті айда адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы мен бауырмалдығын арттыра түсетіні сөзсіз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz