Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық пен мейірімге толы игі шаралар жалғасуда.
Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Игі шара аясында қала бойынша 83 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды.
Рамазан – береке мен сауапқа толы ай. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамдағы бірлік пен жанашырлық нығайып, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйланды.
Алла Тағала жасалған әрбір игі амалдарды қабыл етіп, баршамызға Рамазан айының берекесін нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы