Рамазан айының жоспарына сәйкес Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ер азаматтарға арналған Құран хатым тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Игі шараның басты мақсаты – қасиетті айда жамағатты Құран оқуға ынталандыру, Құран Кәріммен байланысты нығайту және бірлесе отырып хатым жасау арқылы сауапты амалдарды арттыру.
Әр күні бесін намазынан кейін өткізілетін хатым Құранды қари Амангелді Алан Арманұлы жүргізуде. Жамағат Құран аяттарын тыңдап, бірге оқып, рухани тағылым алуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы