Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айының берекесіне орай «Сауапты істер эстафетасы» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында мешіт қызметкерлері және жамағаты бірлесе отыра күннің суығына қарамастан көше тазалау жұмыстарына ат салысып жүрген жандарға сонымен қатар ауыз бекітіп жүрген азаматтарға арнайы ауызашар қоржындары таратылды.
Аталған шараның мақсаты – қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау, өзара көмек мәдениетін қалыптастыру және Рамазан айындағы сауапты істерге жамағатты кеңінен жұмылдыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы