Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде шәкірттермен бірге Хатым Құран оқылуда
Абай аудандық мешітінде шәкірттермен бірге Хатым Құран оқылуда

Абай аудандық мешітінде Құран әліппесін енді бастап жатқан шәкірттермен қасиетті Рамазан айында бір Хатым Құран жасау мақсатында күнделікті Құран оқу ұйымдастырылуда.

Бұл игі бастаманың басты мақсаты – шәкірттерді дауыстап Құран оқуға баулу, оқу барысында жіберілген қателермен жұмыс жасау және олардың Құранды дұрыс әрі тұрақты оқуға деген дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысында шәкірттер Қасиетті Құранды ұстаздың жетекшілігімен кезектесіп оқып, тәжуид ережелерін меңгеріп, өз білімдерін жетілдіруде. Осындай рухани дәрістер шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, қасиетті Рамазан айының берекесін сезінуге мүмкіндік беруде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz