Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кенті мешітінің әйел-қыздар жамағаты қасиетті Рамазан айының құрметіне тағылымы мол рухани кеш ұйымдастырды. Береке мен бірлікке толы өткен Рамазан кеші жамағаттың басын қосып, имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттауға арналды.
Кеш барысында Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Айгерім жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті мен бұл айда жасалатын сауапты амалдардың маңызы жайында насихат айтып, қатысушыларға рухани әсерлі ойларымен бөлісті.
Шара аясында жамағат арасында сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Рухани кеш соңында келген қонақтарға сый-сияпаттар тарту етіліп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы