Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы өтті
Теміртауда «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы өтті

Теміртау  орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан - Құран айы» атты Құран жарысы өтті.

Аталған сайысқа мешіт шәкірттері қатысып, Қасиетті Құранның 30-парасын жатқа оқудан өзара бақ сынады. Шараның басты мақсаты – жас буынды Рамазан айында Құран оқуға баулу, олардың діни білімін арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін нығайту.

Жарыс барысында қатысушылардың оқу мәнері, тәжуид ережелерін сақтау деңгейі мен жаттау шеберлігі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Сайыс тартысты өтіп, шәкірттер өздерінің дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.

Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табысталды. 

Ұйымдастырушылар мұндай рухани шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz