Жылдағы игі дәстүр бойынша Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде балаларға арналған «Рамазан тәттісі» акциясы өтті. Шараны мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы ұйымдастырып, бүлдіршіндерге арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.
Рамазан айының қуанышын сезіндіру мақсатында өткен іс-шараға 30 бала қамтылып, оларға тәтті сыйлықтар табысталды. Мешіт имамы ата-аналар мен балаларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар мешіт ақсақалдары да осындай игі бастаманың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Олар жас жеткіншектердің болашағына ақ тілегін айтып, бата берді.
Осындай рухани әрі тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы балалардың жүрегіне мейірім мен жақсылықтың дәні себіліп, қасиетті айдың қадірі насихатталуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы