Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті қасиетті Рамазан айында қарттар үйіндегі ақ жаулықты аналарға қуаныш сыйлап, гүл шоқтарын тарту етті.
Шара барысында мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай сөз сөйлеп, Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиеті туралы айтып өтті.
Сондай-ақ аналар қауымына ізгі тілегін жеткізіп, олардың ақ батасы мен өмірлік өнегесінің қоғам үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
Кездесу барысында аналарға құрмет көрсетіліп, көңіл күй сыйланды. Ақ жаулықты әжелер көрсетілген ықыласқа алғыстарын білдіріп, елге тыныштық пен береке тіледі.
Бұл шара Рамазан айындағы сауапты істердің бірі болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісіне айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы