Center Image
IHSAN.KZ
300 ОТБАСЫҒА АРНАЛҒАН «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
300 ОТБАСЫҒА АРНАЛҒАН «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай  «35 мың  азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті 300 отбасыға «Рамазан сыйы» қоржынын үлестірді.

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында өткен шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, көпбалалы және жалғыз басты аналарға, сондай-ақ тұрмыстық қиындық көріп жүрген азаматтарға азық-түлік себеттері жеткізілді.

Айта кетейік, азық-түлік қоржындары тиелген қайырымдылық керуені облысқа қарасты мешіттер мен аудандарға да жеткізілді. 

Акция барысында мешіт ұжымы мен дін жанашырларының ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, Рамазан айының берекелі рухы насихатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz