Center Image
IHSAN.KZ
“Ханифа” қыздар даму клубына ауызашар дастарханы жайылды
“Ханифа” қыздар даму клубына ауызашар дастарханы жайылды

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «әйел-қыздар» секторының құрамына кіретін «Ханифа» қыздар даму клубының мүшелері өңірдегі «Тау» мейрамханасының иесі Мереке Жұмабекқызының арнайы шақыруымен ауызашар дастарханына қатысты.

Берекелі жиында қатысушылар үшін діни викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы «Рамазанның мақсаты – тақуалыққа жету» тақырыбында уағыз-насихат айтып, қасиетті айдың рухани мәнін түсіндірді.

Шара қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, Рамазан айындағы ізгі амалдарға үлес қосуға мүмкіндік берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz