Қасиетті Рамазан айында игі амалдар жалғасын табуда. Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхан ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге «Рамазан тәттісі» себеттері үлестірілді.
Игі шара аясында балалар үйіндегі 77 балаға арнайы дайындалған тәтті себеттер табысталып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының жеткіншектерге жылы лебізін білдіріп, Рамазан айының берекесі мен мейірімін тілеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Бұл игі бастама қасиетті айда жасалған қайырымдылықтың бір көрінісі болып, балалардың жүрегіне қуаныш сыйлады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы