Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫНЫҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ЖЕТЕКШІСІ САРЫШАҒАН КЕНТІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ
«ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫНЫҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ЖЕТЕКШІСІ САРЫШАҒАН КЕНТІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы қасиетті Рамазан айында арнайы іс-сапармен Сарышаған кентіне барып, әйел жамағатына уағыз-насихат айтты.

Аталған шара барысында кенттің әйел жамағаты бас қосып, ауызашар дастарханында кездесті.

 Рухани кездесуде жиналған қауымға имандылық, сабыр, шүкіршілік және Рамазан айының қадір-қасиеті туралы тағылымды әңгімелер айтылды.

Кездесу барысында Әйгерім Берікболқызы «Рамазандағы рухани өсу» тақырыбында насихат айтып, қасиетті айды тиімді өткізу, құлшылықты арттыру және жүректі тазарту жөнінде маңызды ойларымен бөлісті.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz