ҚМДБ -ның Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы қасиетті рамазан айының қарсаңында «Әл Машани» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.
«Ата-анаға жақсылық жасау - перзенттік міндет» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Ислам дінінде ата-ананың орны айрықша. Алла Тағала Өзіне ғана құлшылық етуді бұйырғаннан кейін, ата-анаға жақсылық жасауды әмір етеді.
Қазақ халқы да ата-ананы ардақтауды ең биік құндылық санаған. Ата-анаға жақсылық жасау – берекелі өмірдің кілті, ұрпақ тәрбиесінің өзегі. Ата-анасының разылығын алған жан екі дүниеде де жақсылыққа кенеледі»,- деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы