Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені Шет ауданына жеткізіліп, аудан бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы жиналған жамағатқа шараның мән-маңызы туралы айтып, қайырымдылық керуенін ұйымдастырған Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұжымына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, Рамазан айының рухани құндылықтары, сауапты істердің маңызы және мұқтаж жандарға көмектесудің қадірі жайында насихат айтты.
Шара соңында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, жамағат игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы