Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «Бір мәселені шешу» жобасы жүзеге асты
«Нұр» мешітінде «Бір мәселені шешу» жобасы жүзеге асты
Қасиетті Рамазан айында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қайырымдылыққа бағытталған «Бір мәселені шешу» жобасы жүзеге асты. Аталған игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, олардың өміріндегі бір қиындықты шешуге жәрдемдесу.

Жоба аясында жалғыз басты анаға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл көмек отбасының тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге бағытталды. Қайырымдылық шарасы мешіт жамағатының бірлігі мен жанашырлығын айқын көрсетті.

Мешіт ұжымы қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір сауапты істің маңызы зор екенін атап өтіп, жамағатты игі амалдарға белсенді қатысуға шақырды. Осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда. 

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz