Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде діни викториналық сұрақ-жауап өтті
«Нұр» мешітінде діни викториналық сұрақ-жауап өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде әйелдер жамағаты үшін ауызашар барысында арнайы викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шараны әйел-қыздар секторының жауапты маманы, ұстаз Амангелді Меруерт жүргізді.

Қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды. Дұрыс жауап берген жандарға арнайы сыйлықтар табыс етілді, бұл шара әйелдерге рухани білімді арттыруға және ынталандыруға бағытталды.

Іс-шара соңында қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz