Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде әйелдер жамағатына рухани ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Іс-шараны әйел-қыздар секторының жауапты маманы, ұстаз Амангелді Меруерт жүргізді.
Ауызашар барысында қатысушыларға «Алла сүйген әйелдер» және «Рамазан айының маңыздылығы» тақырыптарында уағыз-насихат айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар үшін сурет салу бойынша қолөнер дәрісі өткізілді.
Әжелер қауымы жас қатысушыларға баталарын беріп, қыз-келіншектер өз ризашылықтарын білдірді. Іс-шара әйелдерге рухани тұрғыдан сусындауға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған шара ретінде есте қалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы