Center Image
IHSAN.KZ
Әнет баба мешітінің референт-хатшысы Алғыс хатпен марапатталды
Әнет баба мешітінің референт-хатшысы Алғыс хатпен марапатталды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің референт-хатшысы Эльвира Абилдаева 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағанды облысының дін істері басқармасының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Мереке қарсаңында табысталған хат дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, қоғамдағы рухани келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.

Марапаттау барысында Қарағанды облысы бойынша дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, зайырлылық қағидаттарын насихаттау және азаматтардың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы еңбегі жоғары бағаланатынын атап өтті.

Айта кетейік, келелі кездесуде қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматшаларға да құрмет көрсетілді. 




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz