Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің жастары футбол алаңында бас қосты.
Шараның мақсаты – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту.
Достық форматта өткен спорттық кездесуде қатысушылар өзара сыйластық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Ойын барысында белсенділік танытқан жастарға ризашылық білдіріліп, мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы