Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚАРИМЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚАРИМЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Абай аудандық мешітінде қасиетті Рамазан айында тарауық намазын өткізіп жүрген қари жамағатпен кездесіп, сұхбат өрбітті.

Қаримен кездесуде мешіт жамағаты еркін форматта сұхбаттасып, қарилық өмір жолы жайлы тағылымды әңгіме тыңдады. Сондай-ақ Құранға қалай ден қою керек, Құранға деген қызығушылықты қалай арттыруға болады, Құранды дұрыс оқу мен жаттаудың жолдары қандай деген сауалдарға тұшымды жауаптар берілді.

Жамағат үшін бұл кездесу ерекше әсерлі әрі рухани тағылымға толы болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz